Accessibility links

Украина Қорғаныс министрі қызметтен кетті


Президент Виктор Ющенконың жақтастарының бірі Юрий Ехануровтың қызметтен кетуіне 363 депутат дауыс берді. Ондай шешім үшін 226 депутаттың ғана даусы жеткілікті еді. Үкімет басшысы Юлия Тимошенко Қорғаныс министрлігін ұйымдасқан қылмыста айыптағаннан кейін осы қадам жасалды. Ехануров бұл айыптауларды жоққа шығаруда. Қазір Украина үкіметі Сыртқы істер, Қорғаныс және Қаржы министрлерінің орындары бос тұрған күйінде жұмыс істеуде.
XS
SM
MD
LG