Британия үкімет басшысы Гордон Браун өкілінің айтуынша кабинеттегі ауыс-түйіс бүгін болмақшы. Осы аптаның ішінде төрт министр қызметтерінен кеткен болатын. Оның соңғылары, Еңбек және зейнетақы істері бойынша министрі Джеймс Пурнел бейсенбіде, ал одан кейін Қорғаныс министрі Джон Хаттон қызметтерінен кету әрекеттері арқылы Браунның үкімет басшылығынан кетуіне жасалған қысымды күшейте түсті. Сауалнамаларға қарағанда Еңбек және басқа да саяси партиялардың беделі құлдырап кеткен. Партиялардың есеп шоттарына байланысты парламент мүшелерінің жариялаған айыптаулары да олардың беделіне нұқсан келтіруде.