Accessibility links

Барак Обама Францияда


Сенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Францияға барды. Ол Францияның солтүстігіндегі теңіз жағалауларына одақтастар күштерінің орналастырылуының 65 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады.

1944 жылдың 4-ші маусымында АҚШ, Британия, Канада әскерилері мен тағы басқа күштер Нормандияға жеткізілген болатын. Осыдан кейін нацисттік күштер Батыс Еуропадан шығарыла бастады, бұл өз кезегінде Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына көмектесті.

Обама Францияның алдында Германия мен Таяу Шығысқа сапармен барды. Қаирдегі мәлімдемесінде ол мұсылман әлемімен арадағы қарым-қатынастарда жаңа кезеңді бастауға шақырды.
XS
SM
MD
LG