Accessibility links

Алматыдағы конференцияға экономика министрлері қатысады


Ертең Алматыда «Жібек жолы — қайта өрлеу» атты конференция басталады. Екі күндік жиын барысында Кавказ, Орталық Азия, Балтық елдері, Украина мен Ресей экономика министрлері қатысады.

Аталмыш жиында Грузияның экономикалық даму министрі Лаша Жваниа өз елінің экономикасына капитал құятын немесе құймақ ниеттегі инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Лаша Жваниа Еуразиялық көлік дәлізіне Грузияның қатысатындығы турасында баяндамақ.

Конференция қорытындысы бойынша келесі жылы аталмыш форумды Тбилисиде өткізу жайы талқыланады.
XS
SM
MD
LG