Accessibility links

Қарағанды полициясы өткен жылғы өлім дерегін ашты


Қарағанды облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өткен жылдың сәуір айында Екатеринбург – Алматы тас жолының 826 шақырымында, яғни Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылынан 50 шақырым жерде орын алған екі өлімді ашты, — деп хабарлады облыстық ІІД аса қауіпті қылмысты зерттеу жөніндегі бөлімнің бастығы полиция майоры Марат Қарпықов.

«Ол кезде жол үстінде өлтірілген екі адамның денесі табылған еді. Өлікті тексеру актісіне сәйкес, Д. деген азаматтың өлімі оқ ату нәтижесінде бас сүйегінен тиген оқтан болса, Э. деген азаматтың өліміне шүйдесінен атылған оқ себеп болған», — деді ол.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 96 бабының, 2 тармағы, «а» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«2009 жылдың сәуір айында Степногорскіде Б деген азаматты өлтірді деп айыпталған осы қаланың тұрғыны 47 жастағы азаматтан тәркіленген қолдан жасалған 9 мм калибрлі тапанша аталған Екатеринбург – Алматы тас жолындағы өлімге де қатысты делініп отыр», — деді Марат Қарпықов.
XS
SM
MD
LG