Пәкістанның Пешауар қаласындағы бір қонақ үйіне шабуыл жасалып, кемінде 11 адам қаза тауып, 70-ке жуық адам жарақат алды. Сейсенбі күні түнде орын алған шабуылдан қаза болғандар мен жараланғандардың арасында шетел азаматтары да бар. Ресмилердің айтуынша, құрбандардың бірі БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігінде жұмыс істеген Сербия азаматы болған. Бұл шабуылды жанкешті бүлікшілер жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV