Accessibility links

Мұнай бағасы 71 долларға жетіп қалды


Мұнай бағасы соңғы 7 айдағы рекордтық деңгейіне көтеріліп, бір баррель мұнайдың бағасы 71 долларға жетіп қалды. Бүгін Азия нарығында бір баррель мұнай 70 доллар 70 центке сатылды.

Рецессияның ең нашар кезеңі аяқталған болуы мүмкін деген хабарларға байланысты мұнай бағасы соңғы үш айда екі есеге көтерілді. Енді әлемдегі ең ірі энергия тұтынушысы боп табылатын АҚШ-та мұнайға деген сұраныс күшеюуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG