Accessibility links

АҚШ өкілі Ливанда


АҚШ өкілі Джордж Митчелл Таяу Шығыстағы бейбітшілік жөніндегі үдерісті жандандыру мақсатында Ливанға барды. Митчелл жексенбі күнгі парламенттік сайлаулардан кейін Ливанға келген алғашқы жоғары лауазымды АҚШ өкілі болып отыр. Әлгі сайлауларда Батысты қолдайтын коалиция оппозициялық Хезболла тобын жеңген болатын. Жұма күні кешке Митчелл Сирияға аттанады.

АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Қаирде мұсылман әлеміне жолдаған үндеуінде Израиль-Палестина жанжалы шешілуі үшін екі мемлекет құрылуы тиіс деп атап көрсеткен болатын.
XS
SM
MD
LG