Accessibility links

Дағыстанда полиция қызметкерлері оққа ұшты


Дағыстандағы полицияға жасалған бірқатар шабуылдардан екі офицер қаза тауып, екеуі жараланды. Полицияның хабарлауынша, жұма күні бір майор жұмысқа бара жатқан жолында оққа ұшқан. Тағы бір полиция қызметкері бүлікшілермен арада орын алған атыстан қаза тапқан. Бұл екі шабуыл республика астанасы Махачкалада болған.

Ресейдің Дағыстан республикасында соңғы кездері полицияға жиі шабуыл жасалады. Осыған байланысты исламшыл радикалдар айыпталады.
XS
SM
MD
LG