Accessibility links

Қарасудың үйі бұзылған бір тұрғыны ауруханаға түсті


Бүгін Алматының Қарасу ықшамауданының үйлері бұзылған тұрғындары мен бастамашыл топ өкілдері журналистерге арнап брифинг өткізеді. Жұма күні басталған үйлерді бұзудан қорқып қалған тұрғындар таңертеңнен кешке дейін үйлерін кезекпен күзетуде.

Қарасу ықшам ауданының тұрғыны, бастамашыл топ өкілі Ардақ Бекмұхамбетовтің Азаттық радиосына хабарлауынша, кеше, яғни жексенбі күні Алатау аудандық Ішкі істер басқармасынан келген арнайы топ ешқандай құжат көрсетпестен 6 үйді бұзып тастаған. Осы оқиғаның салдарынан Қарасудың бір тұрғыны қазір ауруханада жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG