Accessibility links

Қазақстанға Қырғызстанның премьер-министрі келеді


ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстанға бүгін Қырғыз Республикасының премьер-министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келеді.

Екі күнге созылатын сапар аясында бұған дейінгі кездесулердің нәтижесінде құрылған қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы өтеді деп жоспарлануда. Отырыс барысында сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылмақ.

Үкіметаралық кеңес қорытындысы бойынша өзара тиімді серіктестікті дамыту жолдарын нақтылайтын келісімдер мен басқа да құжаттарға қол қою жоспарлануда.
XS
SM
MD
LG