Accessibility links

Украинада Германия, Польша сыртқы істер министрлері жүр


Бүгін Германия мен Польшаның сыртқы істер министрлері Киевте сапармен жүр. Олар Украинаның экономикалық дағдарыстан шығуына Еуропа Одағы қалай көмектесе алады деген жағдайды зерттеу үшін барды.
Сыртқы істер министрлер Франк Уольтер Штайнмайер мен Радослав Сикорский Украина президенті Виктор Ющенко мен парламент және оппозиция өкілдерімен де кездеседі.
Дүниежүзілік банктің хабарына қарағанда, қаржы дағдарысына байланысты Украина экономикасы 9 процентке дейін төмендейді.
XS
SM
MD
LG