Accessibility links

«Самұрық-Қазынада» кадрлық өзгерістер болды


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ директорлар кеңесінің отырысында директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов бірқатар кадрлық тағайындауларды бекітті, — деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Қанатбек Сафинов ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшылығына тағайындалуына байланысты қордың басқарушы директорлығынан босатылды. Оның орнына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ жаңа басқарушы директоры болып бұған дейін қордың инвестициялық блогына жетекшілік еткен Айдан Кәрібжанов тағайындалды.

Сондай-ақ директорлар кеңесі қордың басқарма мүшесі, басқарушы директор Қайрат Әйтекеновтің «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің бақылаушылық кеңесінің төрағасы, ал Айдан Кәрібжановтың «Қазпочта» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқаруына да келісім берді.
XS
SM
MD
LG