Accessibility links

Адвокаттар одағының басшысы Қазақстан президентіне ашық хат жазды


Қазақстан адвокаттар одағының президенті Әнуар Түгел ҚР мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазды.

«Время» газетінің сайтында жарияланған ашық хат мәтінінде былай делінген: «Қазақстанның адвокаттар қауымдастығы адамның негізгі құқықтарын қорғау мен білікті заңдық көмекке сүйенуді бақылау тұрғысынан мемлекеттегі жағдайдың қиындауына байланысты Конституцияның кепілі ретінде сізге қайырылуға мәжбүрміз.

Ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік құпияға арнайы рұқсаты жоқ адвокаттарды сот ісіне қатыстырмау сияқты әрекеттерімен азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын конституцияның өзіне қарсы шығуда. Осылайша қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтардың қорғаушыны еркін таңдау құқығына шектеу қойылып отыр.

Бұл біздің мемлекетте ратификацияланған азаматтық және саяси құқықтар халықаралық пактісінің 14-ші бабына, ҚР Конституциясына, қолданыстағы заңнамаға және Қазақстанның ЕҚЫҰ алдындағы міндеттемесіне тікелей қайшы келеді.

Елдегі сот өндірісі жүйесі беделінің түсуі мемлекеттің имиджіне орны толмас нұқсан келтіреді. Бұл мемлекеттік дәрежедегі мәселе болғандықтан құқық саласында заңдылық пен әділеттілікті қалпына келтіруді Сізден сұраймыз».
XS
SM
MD
LG