Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тарту күнін жариялауды ұсынды


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастықты ядролық қарусыздануда Қазақстанның үлгісін алуға шақырды.

«Ядролық қарусызданудағы Қазақстанның үлгісі бүгінгі күні де шыңырауға құлағалы тұрғандай әсер қалдыратын процеске шынайы балама бола алады», — деді Назарбаев.

Сонымен бірге мемлекет басшысы 29 тамызды Әлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды.

«Осыдан 18 жыл бұрын менің жарлығыммен ядролық полигон жабылған күнді ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынамыз және бұл ұсынысты БҰҰ-ның қарауына тапсырамыз», — деді ҚР президенті.
XS
SM
MD
LG