Accessibility links

Экс-министрге қатысты сот тыңдауына жәбірленуші келмей қалды


ҚР Қоршаған ортаны қорғау экс-министрі Нұрлан Ысқақов және бұрынғы вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Әлжан Бралиевтерге қатысты бүгін таңертеңге белгіленген сот тыңдауы жәбірленуші тарап өкілінің сотқа келмеуіне байланысты түстен кейінгі сағат 15.00-ге қалдырылды.

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілі, жәбірленуші деп танылған Қадырбек сот залына келген жоқ. Жәбірленуші тарап белгісіз себеппен жоқ болғандықтан сот отырысы жалғаспайды», — деді сотталушылардың адвокаты Нұрмахан Зұлпыхаров.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев және Әлжан Бралиевтерге, сондай-ақ «Меркурий-плюс» ЖШС-нің өкілі Жайылғановқа қатысты қылмыстық іс маусымның 3-і күні Астана қаласының Есіл аудандық сотына тапсырылған.

2009 жылдың 20-шы сәуірі күні бұрынғы министр Нұрлан Ысқақов пен бұрынғы вице-министрлер Әлжан Бралиев және Зейнолла Сәрсенбаевтарға қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджеттің 1,172 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылған болатын.
XS
SM
MD
LG