Accessibility links

Иран шерушілері аза тұту күнін өткізеді


Ирандағы президенттік сайлауда жеңіліс тапқан президенттік кандидат Мир Хоссейн Мусави өзін қолдаушыларды сайлаудан кейін қақтығыста қаза болғандарды еске алып, аза тұту күнін өткізуге шақырды.
Мусави мен бұрынғы президент Мохаммад Хатамидің бірлесіп жасаған мәлімдемесінде, билікті соңғы күндері шеруге қатысты қамауға алынғандарды босатуға шақырған.
Хабарларға қарағанда, сәрсенбі күні 5-ші күн жалғасқан шеруге жүзмыңдаған адам қатысты. Олар маусымның 12-дегі сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайланғанына наразылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG