Accessibility links

Қазақстанда ресейлік атом станциясын салу мәселесі талқыланады


«Росатом» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей мен Қазақстан атом саласының мамандары биылғы шілдеде Қазақстанда ресейлік ВБЭР-300 реакторлы атом станциясын салу жөніндегі үкіметаралық келісімге дайындықты талқылайды.

Бұл туралы атом энергетикасындағы ынтымақтастық жөнінде Мәскеуде өткен Ресей –Қазақстан кеңесінде айтылды. Аталған жиынға «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Николай Спасский, ал Қазақстаннан энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.
XS
SM
MD
LG