Бүгін Ирандағы президент сайлауына оппозициядан түскен үміткер Мирхоссейн Мусавиді қолдаушылардың Теһрандағы жаппай наразылық шеруі өте ме, жоқ па, әлі де беймәлім. Иран баспасөзінің хабарлауынша, президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейтін наразылық шеруін ұйымдастырушылар – ресми биліктің шеруді күш қолданып таратамыз деп ескертуінің салдарынан – шеру өткізуден бас тартқан тәрізді.
Өткен жұма күні Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи оппозицияның 12 маусымдағы сайлаудың нәтижесі бұрмаланды деген мәлімдемесін теріске шығарды. Аятолла, сонымен қатар, наразылық шарасын дереу тоқтатуды қатаң талап етіп, қантөгілген жағдайда, оған шерушілерді ұйымдастырушылар жауапты болады деп ескертті.
Бүгін, сондай-ақ, Иранның жоғарғы заң шығарушы құрылымы – Сақшылар кеңесі де президент сайлауының нәтижесін өзінің төтенше мәжілісінде талқылайды. Оған сайлау барысында заңсыздықтарға жол берілгенін мәлімдеген үш оппозициялық үміткер де шақырылды.
Соңғы сәтте Иранның ISNA агенттігі хабарлағандай, Иранның Сақшылар кеңесі президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша жеңілген Мирхоссейн Мусавиге жаппай наразылық ереуілдерінің салдары үшін жауапқа тартылатынын ескертті.