Accessibility links

2 журналист тәліптердің тұтқынынан құтылды


New York Times газетінің тілшісі Дэвид Род пен ауған журналисі Тахир Лудин тәліптердің тұтқынынан қашып құтылды. Тәліптер оларды өткен жылдың қарашасында Кабул түбінен ұстап алып кеткен болатын.
New York Times газетінің сайтында айтыланғандай, тәліптер алғашқыда тұтқындарды Ауғанстанның таулы ауданында, одан кейін Пәкістанның Солтүстік Вазиристан ауданында ұстап келіпті.
Пәкістан армиясының өкілдері 2 журналисті АҚШ-тың Ауғанстандағы «Баграм» әскери базасына жөнелтіп үлгерді. Дэвид Родтың күй-жайы жақсы, ал Лудин қашқан кезде аяғын жаралап алған көрінеді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Д.Родтың барлық азаптан құтылғанына қуаныш білдірді.
XS
SM
MD
LG