Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, сенбі күні Теһранда шеруге шыққан оппозиция өкілдері мен полицияның қақтығысында 10-нан аса кісі қаза болып, 100-ден көп адам жараланды.
Иранның басқа бір телеарнасы 13 адамның қаза болғанын хабарлады. Ағылшын тіліндегі Press TV телеарнасы Теһрандағы сенбілік оқиғаны «полицияның террористік топтармен шайқасы» деп бағалады. Телеарнаның хабарында айтылғандай, «бүлікшілер» 2 жанар-жағармай бекеті мен мешітті өртеп, полиция күзетіне шабуыл жасапты.
Сенбіде полиция оппозицияның шеруін қуып тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су атқылайтын брандспойттарды қолданды. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, билікке жақын әскерилендірілген «Басидж» тобының мүшелері шерушілерге оқ жаудырған.
Оппозиция қазіргі президент Махмуд Ахмадинеджад жеңіске соңғы президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейді.