Accessibility links

Кәрім Мәсімов: Мемлекеттік қызметте қысқартулар жоспарлануда


Мемлекеттік қызмет жүйесінде ауқымды қысқартулар жоспарлануда, — деп хабарлады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Мемлекеттік қызметтегі қысқартулар туралы үкіметтің қаулысы қазір қарастырылу үстінде. Ұсынылатын қызмет орындарын алып тастаймыз және кейбір адамдарды қысқартамыз. Мемлекеттік қызмет те басқа салалар сияқты бюджеттің ақшасына өмір сүретіндіктен шығындардан бас тарту керек. Ал жоғарғы оқу орнының түлектеріне қатысты мәселені айрықша тәртіппен шешеміз», — деді ол.
XS
SM
MD
LG