Accessibility links

Обама: АҚШ Пхеньянның кез келген зымыран ұшыруына дайын


Солтүстік Кореяның кез келген зымыран ұшыруына АҚШ әскерилері әзір. Бұл туралы президент Барак Обама мәлімдеді. Бірақ бұл Пхеньянға әскери әрекет ретінде жауап қайтару дегенді білдірмейді деді Обама.

Солтүстік Корея мамырдың 25-де ядролық сынақ жасаған болатын. БҰҰ Пхеньянға қарсы санкцияларды күшейткен соң Солтүстік Корея енді Гавайиге қарай ұзақ қашықтыққа жететін зымыран ұшыруы мүмкін.
XS
SM
MD
LG