Accessibility links

Италия Ираннан шақырту қағазына жауап беруді сұрады


Иран Сегіздік тобының сыртқы істер министрлерінің жиынына жіберілген шақырту қағазына бір күннің ішінде жауап беруі тиіс. Бұл туралы Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини мәлімдеді. Италия үкіметі Иранды елдің солтүстік-шығысындағы Триест қаласында өтетін жиынға қатысып, Пәкістан мен Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға үлес қосуға шақырған болатын.

Франко Фраттини сондай-ақ Иран билігін наразылық танытушыларға қарсы зорлық-зомбылықтарын тоқтатуға шақырды. Ресмилердің айтуынша, сенбі күні Ирандағы шерулерде кемінде 10 адам қаза тапқан және жүздеген адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG