Accessibility links

20 кг героинмен ұсталған азамат cотталды


Қарағанды облысының Абай аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны С.Қасымовты 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Өткен жылдың желтоқсан айында облыстық ҰҚК департаменті Сарыағаш ауданының тұрғынын автобус аялдамасында ұстаған, одан 21 пакет, жалпы салмағы 20 килограмм героин тәркіленген. Еш жерде нақты жұмыс істемейтін С.Қасымов материалдық пайдасы үшін есірткі заттарын тасымалдап жүргенін мойындаған.
XS
SM
MD
LG