Accessibility links

Ахмадинежад Обаманы айыптады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад АҚШ президенті Барак Обаманы Иранның ішкі істеріне араласуда деп тағы да айыптады. Обама Иранның даулы президент сайлауына түскен оппозициялық үміткер Мир Хоссейн Мусавиді мадақтап, ол Иранды әлемге ашуға қызығушылық танытқан ирандықтарды ынталандырды деп мәлімдеген болатын.

Адам құқықтарын қорғаушы топтар Иран билігін шерулерге қатысқан жүздеген белсенді мен журналистерді, профессорлар мен студенттерді қамауға алғаны үшін сынап отыр. Иранның жоғары лауазымды діни тұлғасы Аятолла Ахмад Хатами елдің сот жүйесін наразылық танытушылардың жетекшілерін аямауға шақырып, олардың кейбірі тіпті өлім жазасына кесілуі керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG