Accessibility links

Полиция: Қырғызстанда 3 исламшыл экстремист өлтірілді


Қырғыз полициясының хабарлауынша, елдің арнайы күштері исламшыл бүлікшілер деп күдіктелген 3 адамды өлтірген. Узген ауданының полиция басшысы Курсантбек Асановтың мәлімдеуінше, әлгі адамдар сенбі күні Кош-Коргон ауылында жүргізілген операцияда өлтірілген. Олар үкімет күштеріне қару-жарақтарын тапсырудан бас тартты деді Асанов. Оның айтуынша, күдіктілердің Өзбекстан ислам қозғалысына қатысы бар болуы мүмкін.

Орталық Азия үкіметтері Әл-Қаидамен байланысы бар Өзбекстан ислам қозғалысы аймақтағы қауіпсіздікке қауіп төндіруде деп алаңдаушылық танытқан болатын. Өткен аптада Жалал-Абадтың жанында осы қозғалыстың мүшесі деп күдіктелген 5 адам өлтірілген еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG