Accessibility links

Вагон жөндеу зауытының жұмысшылары бір аптаға жұмыстарын тоқтатты


«Ырысты» электрлік вагон жөндеу зауытының 2000-нан астам жұмысшысы бүгіннен бастап бір аптаға жұмыстарын тоқтататындарын мәлімдеп, зауыттың ішінде ереуіл өткізді. Жұмысшылардың негізгі талаптары зауыттың мемлекет меншігіне өтуі болып отыр.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, осы зауыттың жұмысшылары 23 маусым күні өздерінің 2-3 айдан бері жалақы ала алмай жүргендерін айтып, наразылық шарасын өткізген еді, онда олар зауыттың құлдырауына кәсіпорын басшыларын кінәлады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, зауыттың директорлар кеңесінің төрағасы Бірлесбек Әлияров зауыт жұмысының тоқтамағанын, бұл әрекеттің жұмысшылар арасындағы дау екенін айтып ақталуда. Ал жұмысшылар мамыр айының жалақысына өткен аптадағы наразылық шарасынан кейін қол жеткізгендерін айтты.
XS
SM
MD
LG