Accessibility links

Мусави сайлау заңсыз болды дегенді қайталады


Иранның оппозициялық жетекшісі Мир Хоссейн Мусави өзінің бұрынғы айтқандарын қайталап, өз қолдаушыларын президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы наразылықтарын жалғастыра беруге шақырды.
Өзінің вебсайтында жариялаған мәлімдемесінде Мусави билікті саяси тұтқындарды босатуға, сайлау реформасын жасауға және баспасөз еркіндігін құруға шақырды.
Оның бұл мәлімдемесі Сақшылар кеңесі сайлаудың қортындысын жарамды деп тауып, президент Махмуд Ахмадинежадтың осы айдың соңында келесі бес жыл мерзімге ант қабылдап, қызметіне кірісетінін танытқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG