Accessibility links

МАГАТЭ басшысын сайлау бойынша жиын өтуде


БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігіне жаңа директорды сайлауға 35 елдің өкілдері қатысуда.

МАГАТЭ-нің үш мерзім қатарынан басшысы болған Мохамед ЕлБарадей қараша айының соңында қызметінен кетеді.
Бұл орынға үш кандидат тіркелді. Оның бірі Жапониядан Юкия Амано, Оңтүстік Африкадан Абдул Самад Минти және Испаниядан Луис Эчаварри дауыс беруге түсіп отыр.

Негізгі бәсекелестік Жапония өкілі мен оңтүстік африкандық арасында болғанымен, сауалнамалар жапониялық Юкия Аманоның МАГАТЭ-нің бас директоры болу мүмкіндігін танытып отыр.
XS
SM
MD
LG