Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туған күніне орайластырылған 6-шы шілде Астана күні мерекесіне арналған шараларды бастап кетті.
Мемлекет басшысы Астананың орталығындағы Атамекен мемориалды кешенінде елдің туын көтеріп, мерекелік шараларды бастады деп хабарлады Қазақпарат агенттігі.
Мерекелік шаралардың салтанатты ашылуы биыл осымен екінші рет «Атамекен» кешенінде өткізіліп отыр.
Қазақстанның туын көкке көтерген ел президенті: «Біздің туымыздың біртұтас түсі - халқымыздың бірлігін, достығын, еліміздің мемлекеттік шекарасының тұтастығын білдіреді. Біздің мемлекеттілігімізді нығайту, қазақстандықтардың өмірін және халқымыздың ынтымағын жақсарту үшін біз осы тудың астында барлық іс-шараларымызды өткізетін боламыз. Біздің бағдарламаларымыздың барлығы, мақсаттарымыз бен міндеттеріміз мемлекеттілігімізді нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», деді.
Ту көтеру рәсімінен кейін Қазақстан қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әскери училищені бітірген жас офицерлерге шен тапсырды. Сонымен қатар Астанадағы Қазанат спорт кешенінде президенттің кубогі үшін атжарысы басталды.
Қазақстанның «Мерекелер туралы» заңына енгізілген түзетулерден соң 2009 жылдан бастап шілденің 6-сы мемлекеттік мереке болып табылады.