Accessibility links

Мексика президенті өзі партиясының жеңілгенін жасырмайды


Мексика президенті Фелипе Кальдеронның партиясы парламент сайлауында жеңіліс тапқанын мойындайды. Партия көсемі Герман Мартинес осылай деп мәлімдеді.

Хабарға қарағанда, сайлаудың нақты нәтижесі әлі белгісіз, бірақ депутаттар палатасындағы көпшілік дауысқа оппозициядағы Институттанған төңкеріс партиясының ие болғаны аныққа шықты.

Қазір Мексика соңғы 15 жылдағы ең ауыр дағдарысты бастан кешу үстінде. Елдің ахуалы есірткі контрабандасымен тығыз байланысты қантөгістің күрт артуы мен «доңыз тұмауы» (H1N1) эпидемиясының салдарынан ушыға түсті.
XS
SM
MD
LG