Accessibility links

Кейбір министрліктердің интернетті пайдалануына шектеу қойылып отыр


«Мегаполис» газетінің хабарлауынша, кейбір министрліктер интернетке қол жеткізе алмай отыр. Кейбір басшылар кімге рұқсат беру, кімге бермеу туралы мәселені өздері шешуде.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, оның қол астындағылардың интернетке берілген лимиттерінің жартысы қысқартылыпты. Себеп министрліктегі қаржыландыру мәселесі. Мұнда тек сарапшылар мен кезекшілік қызметі ғана интернетті үздіксіз пайдалана алады.

Ал көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов интернетті қадағалау керек, бірақ түсіністікпен қарау қажет деген пікірде. Бұл министрлік кейбір телефон желілерін қысқартып, оның орнына компьютер бөлмесін ашып қойған, осы арқылы қызметкерлер интернетке шыға алады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG