Accessibility links

«Үлкен сегіздік» ядролық қаруды таратпауды қолдайды


«Үлкен сегіздік» елдерінің басшылары Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен (ДНЯО) тыс мемлекеттерді келісімнің аясына бірігуге шақырған мәлімдеме жасады.

G8 басшылары АҚШ президентінің ядролық сынақтарға тиым салуды қамтитын келісімді (ДВЗЯО) ратификациялауға қол жеткізу ниетін қолдады. «Біз бұл келісімнің ертерек жүзеге асып, халықаралық қауіпсіздіктің әмбебеп құралы болуына барлық күшімізді жұмсаймыз», — делінген мемлекет басшылары қабылдаған мәлімдемеде.

Ядролық қаруды таратпау туралы келісімнен (ДНЯО) тыс мемлекеттер қатарында Израиль, Пәкістан мен Үндістан бар, 2003 жылы бұл келісімнен Солтүстік Корей мемлекеті шығып кеткен.
XS
SM
MD
LG