Accessibility links

Бағдадта босатылған ирандықтар елшілікке тапсырылды


Ресмилердің хабарлауынша, Құрама Штаттар әскерилері екі жылдай қамауда ұстап, бейсенбі күні босатқан ирандықтар Бағдадтағы Иран елшілігіне тапсырылды.

АҚШ күштері ол ішінде ресми өкілдер бар бес ирандықты Ирақтағы діни жікшілдік қақтығыстар кезінде шиит жауынгерлерін қаржыландырып келген деген айыппен ұстаған.

Ресмилердің хабарлауынша, ирандықтар Ирақ үкіметінің өтінішімен босатылды.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Иан Келли 5 ирандықтың босатылуы Теһранмен тұтқындарды алмасу келісімі емес екенін айтты.
XS
SM
MD
LG