Accessibility links

Бейжің Шыңжаңда қанша ұйғыр қаза тапқанын жасырады


Қытайдың ресми баспасөз құралдары Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімжі қаласындағы ұлтаралық қақтығыстарда қаза тапқандар бойынша тың мәліметті жариялады. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 184 адам, оның ішінде 137 этникалық қытайлық пен 46 ұйғыр қаза болған. 1 мыңнан астам кісі жараланып, тағы 1.5 мыңнан астам адам қамауға алынған.
Эмиграциядағы ұйғыр ұйымдары Қытай үкіметін қаза тапқан ұйғыр қандастарын азайтып көрсетті деп айыптады.
Үрімжідегі қытайлықтар мен ұйғырлардың арасындағы ұлтаралық жанжал мыңдаған ұйғыр ресми биліктің қуғын саясатына қарсы наразылық шеруіне шыққан өткен аптаның соңында басталды. Наразылық толқынын басуға Қытай үкіметі полиция мен армия күштерін жұмылдырды. Хабарға қарағанда, мыңдаған тұрғын қаланы тастап кетіп жатыр.
XS
SM
MD
LG