Accessibility links

Парижде еврей жігітін өлтірген 25 кісі сотталды


Франция астанасы – Париждегі сот «жабайылардың бандасы» деп аталатын топтың 28-жастағы көсемі Юсуф Фофанды 23-тегі еврей азаматы Илан Халимиді ұрлап кетіп өлтіргені үшін ғұмырлық мерзімге түрмеге кесті. Ол, сондай-ақ, 22 жылға рақымшылық сұрау құқынан айрылды.
Фофанмен бірге аталған банданың 24 мүшесі, оның ішінде 8 әйел кісі айыпты деп танылды.
2006 жылдың қаңтарында олар еврей жігітін ұрлап кетіп, басына құн талап етіп оны 3 апта бойы азаптаған. Кейін оны көшеге тастап кетіп, Халими ауруханада көз жұмды.
XS
SM
MD
LG