Accessibility links

Барак Обама Гана парламентінде сөз сөйледі


АҚШ президенті Барак Обама Африка тұрғындарын құрлықтың жарқын келешегі үшін өздеріне көбірек жауапкершілік алуға шақырды.
Сенбі күні Гана парламентінде сөйлеген сөзінде Обама мәлімдегендей, дамыған елдердің Африка мемлекеттеріне арналған көмегі африкалықтардың өз елдерінде тегеурінді әрі демократиялық басқару жүйелерін құруға деген күш-жігерімен толығуға тиіс.
Африка құрлығының ең басты проблемалары ретінде АҚШ президенті сыбайластық жемқорлықты, диктаторлық билікті және түрлі жанжалдарды атады. Ол Гананы демократиясы өркендеген жақсы мысал ретінде келтірді.
Бұл Барак Обаманың президент есебінде Африканың Сахара шөлінен оңтүстікке қараған еліне тұңғыш сапары болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG