Боснияның Сребреница қаласында 1995 жылы жаппай қырылған мұсылман құрбандарының таяуда ғана танылған 534-інің сүйектері жерленді.
1995 жылдың 11 шілдесінде Босния сербтерінің қарулы құрамалары Боснияның шығысындағы БҰҰ «қауіпсіздік аумағы» деп жариялаған мұсылман мекеніне басып кірді. Қарулы құрама қаладан барлық ер адамды - жетіншектерден бастап еңкейген қарттарға дейін - бас-аяғы 8 мыңдай ерді жаппай атып қырды. Олардың сүйектерін анықтау осы күнге дейін жалғасып келеді.
Батыс агенттіктерінің мәліметі бойынша, қазір 5 мыңға жуық құрбанның сүйегі анықталды.