Accessibility links

Әлемде H1N1 тұмауына 94.5 мың адам шалдықты


Ливанда «доңыз тұмауының» немесе H1N1 тұмауының инфекциясы жұққандардың саны 60-қа жетті.
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, бойында қауіпті дерттің вирусы бар тағы 12 адам анықталды. Олар Аустралия, Канада және АҚШ-тан келген аурулармен араласқан азаматтар көрінеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметіне қарағанда, H1N1 вирусы әлемнің 74 елінде тіркелді. Онымен бас-аяғы 94.5 мың адам сырқаттанып, оның 429-ы көз жұмды.
XS
SM
MD
LG