Accessibility links

Юньнань провинциясында тағы да жер сілкінісі болды


Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тағы да 4,7 балдық жер сілкінісі болды, мұның салдары туралы әзірге ақпарат жоқ — деп хабарлайды «Чжунго ван» жаңалықтар қызметі.

Бұл жерде өткен бейсенбі күні 6 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын, бұл жер асты дүмпуі 30 мың үйді қиратып, бір адамды құрбан етті, 367 адам жараланып, 225 мың адам көшірілген.

Қытайдың оңтүстік-батысында өткен жылдың мамыр айынан бері жер асты дүмпулері орын алуда. Соңғы 30 жылдағы 8 балдық ең күшті жер сілкінісі 2008 жылдың 12 мамырында Сычуань провинциясында болған. Ресми мәліметтер бойынша онда 87 мың 150 адам із-түзсіз жоғалып, 374 мың адам жарақат алған, миллиондаған адамдар баспанасыз қалған.
XS
SM
MD
LG