Accessibility links

Балқашта қала әкімдігі өткізген би кешінде атылған оқтан жас жігіт қаза тапты


Өткен жұма күні кешке Балқаш көлінің жағасында қала басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған жастардың би кешінде мойнына және желкесіне тиген оқтан алған жарақаттан 1988 жылы туған жігіт жедел жәрдем көлігінде ауруханаға жетпей көз жұмды деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Оқиға орнында «Байкал» тапаншасы және «ОСА» травматикалық қаруы табылды. «Байкал» тапаншасының оқтығында 9 мм бір оқ, ал оқжатарында тағы бес оқ болған» делінген хабарламада. Бұл қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Балқаш полициясы 23 жастағы қала тұрғынын ұстаған.
XS
SM
MD
LG