Accessibility links

Тбилиси: Медведевтің Оңтүстік Осетияға келуі арандатушылық


Дүйсенбі күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Грузиядан бөлінген Оңтүстік Осетия республикасына барып, президент Эдуард Кокойтымен кездесті.
Ресей баспасөзінің хабарлауынша, Медведев қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға шақырды.
2008 жылдың тамызындағы орыс-грузин соғысының ізінше Оңтүстік Осетия мен Грузияның тағы бір сепаратистік республикасы – Абхазия тәуелсіздіктерін жариялап, көп ұзамай Ресей олардың тәуелсіздіктерін мойындады.
Оны өзінің жерін басып алу деп бағалаған ресми Тбилиси Медведевтің келуін «арандатушылық» деп қабылдады.
XS
SM
MD
LG