Accessibility links

Ғасыр алаяғының жазасы 20 жылға қысқартылды


Маусым айының соңында 150 жылға бас бостандығынан айыырылған қаржылық «ғасыр пирамидасын» құрушы, американдық қаржыгер Бернард Мэдофф АҚШ-тың ең жақсы түрмелерінің бірінде жазасын өтейтін болды, оның жазасын өтеу мерзімі 20 жылға қысқартылды, — деп хабарлайды РИА Новости.

71 жастағы Мэдофф Солтүстік Каролина штатының Батнер қалашығындағы медициналық қызмет көрсету деңгейі жоғары түрмеге жеткізді.

Бұдан бұрын ғасыр алаяғының 150 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлағанбыз. Енді Мэдофф түрмеден 2139 жылдың 12 қарашасы күні шығуы тиіс, яғни оның жазасын өтеу мерзімі үкімде белгіленген уақыттан 20 жылға қысқарған. 130 жыл түрмеде отыру жазасымен бірге оның 170 миллиард доллар мүлкін тәркіледі, АҚШ заңы бойынша ол келтірілген залалды үш есе көлемде қайтаруға міндетті. Брайан Мэдофф сот шешіміне апелляциялық шағым жасаған жоқ.
XS
SM
MD
LG