Accessibility links

Иран сүннит тобының көтерілісшілерін жазаға тартты


Иран билігі сүнниттердің көтерілісшіл тобының 13 мүшесін елдің оңтүстік-шығысында болған шабуылдарға байланысты дарға асты.

Мемлекеттік ақпарат бұлақтары Жундалла тобының 13 мүшесі Захедан қаласындағы түрме алдында жазаланды деп хабарлады.

Билік бұл топты есірткі тасымалы, адам өлімі, кісі ұрлау және Ауғанстан мен Пәкістан шекараларындағы шиит мен азшылық сүннит мұсылмандары арасында жаулық туғызып келеді деп айыптады.

Amnesty International ұйымының дерегіне қарағанда, өткен жылы Иран дарға асу жазасын ең көп жасаған елдің бірі болды.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG