Accessibility links

Украина Саша Коеннің "Бруно" фильміне тыйым салды


Бүгін Украинаның мәдениет министрлігі британиялық сайқымазақ Саша Барон Коеннің “Бруно” деген жаңа фильмін елде көрсетуге тыйым салды.

Ол фильм Австриядан келген гомосексуалист-журналистің бастан кешкендері туралы баяндайды.

Украина министрлігі фильмде жыныстық мүшелер мен гомосексуалдық әрекеттер көрсетіледі әрі былапыт сөздерді қолданады деді.

Саша Барон Коеннің алдындағы фильмі қазақстандық журналисті бейнелеген “Борат” деп аталған. Қазақстан мен Ресей ол фильмді көрсетуге тыйым салған.
XS
SM
MD
LG