Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Ақшабұлақ мұнай кенішінде 100 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақшабұлақ кенішінде диаметрі 219 миллиметрлік жоғары қысымды жер асты мұнай құбырынан аққан мұнай 100 шаршы метр аумаққа жайылған, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше оқиғаның салдарын жоюға ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылған.