Министрліктің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1044 және № 1045 қаулысына сәйкес ҚР индустрия және сауда министрлігінің вице-министрлері болып Раев Нұрбек Тұрарбекұлы мен Есқалиев Ерхат Серікұлы тағайындалды.
ҚР индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі қызметін атқарып келген Алмас Қосынов Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 шілдедегі № 1018 қаулысына сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.