Accessibility links

Мюнхенде Ресей және Германия мемлекетаралық кеңесі өтуде


Бүгін Мюнхенде Ресей және Германия елдері президенттері — Дмитрий Медведев пен Ангела Меркельдің қатысуымен мемлекетаралық кеңес өтуде.

Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходьконың мәліметінше, сауда- экономикалық ынтымақтастық пен ірі жобалар, соның ішінде «Северный поток» мұнай құбырының құрылысы жайы кеңестің басты назарында болмақ.

Сонымен қоса көптеген халықаралық жағдайлар, атап айтқанда, Ауғанстандағы ахуал, Иран мен Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламалары, Ресей мен НАТО арасындағы байланыс мәселелері де сөз болмақ.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG