Accessibility links

Ұйғыр мәдени орталығы Қытайдағы ұйғырларға қолдау білдіріп, митинг өткізбек


Жексенбі күні сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін Ұйғыр мәдени орталығы Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының сыртындағы саябақта Қытайдағы жағдайға байланысты ұйғырларға қолдау білдіріп, митинг өткізеді.

Бұл туралы ҚазТАГ-қа қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов әкімшіліктің митингке рұқсат бергенін хабарлапты.

Оның айтуынша, бұл қатардағы митинг болғандықтан тым қатаң бақылау болмайды, дегенмен тиісті орындар қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жүма күні ұйғырлар қауымдастығы ҚХР –да орын алған қақтығыстарға байланысты онда құрбан болғандарға арнап қаралы үнсіздік шеруін өткізіп, олардың әруағына құран бағыштап, ас берген болатын.
XS
SM
MD
LG